Тоқаев Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын қызметінен алды

Қалижан Бектемір

Президент Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

НЕ ЖАҒДАЙ

”Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды” делінген президент жарлығында.

БОТАҚАНОВТЫ БАЛТАБЕКОВ АЛМАСТЫРДЫ

Оның орнына Аңсаған Скендерұлы Балтабеков тағайындалды. Негізінен күхет қызметі саласында еңбек еткен генерал-майор 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған.

ӘЛІМЖЕТТІК

Еркін Ботақанов кетуіне байланысты ресми пікір берілмеді. Оның алынуына ұлттық ұландағы әлімжеттікті тыя алмауы себеп болғанға ұқсайды.