Итті аяусыз сабаған уақытша ұстау орталығының қызметкері сотталды

Меліс Сейдахметов

Шымкентте жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау айыбы бойынша (ҚК-нің 316-бабының 1-бөлігі) тергелген азамат сотталды. Күдікті Шымкент қаласы бойынша қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстау орталығының қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

НЕ ЖАҒДАЙ?

Іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралған. Сотта к.дікті 2024 жылғы 27 тамызда Шымкент қаласы бойынша қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстау орталығында темірмен итті бірнеше рет ұрып-соғып, жарақаттар салғаны анықталған. Сотталушының кінәсі өзінің жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, итке жарақат салу сәті бейнеленген бейнежазбамен, заттай дәлелдемелер және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденген.

ТАРАПТАР ТАРТЫСЫ

Прокурор күдіктіге 60 (алпыс) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Сотталушы және оның қорғаушысы болса, тағылған айыпты ішінара мойындап, 30 (отыз) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тайындауды сұрады.

СОТ ШЕШІМІ

Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында жасөспірім баласының болуын, шынайы өкініш білдіргенін ескеріп, 60 (алпыс) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.