Жол апаты. Шахтинскте екі адам қаза болды

Әлихан Асқақ

Қайғылы жағдай 18 қыркүйекте Шахтинск-Есенгелді автожолында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Шахтинск маңындағы Сарепта ауылынан 4 шақырым жерде жол талғамайтын көлік аударылып, ішіндегі екі адам бірдей қаза болған.

Алдын-ала болжам бойынша Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің 74 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне соғылған. Апат салдарынан жүргізушінің өзі де, көлік ішінде болған 37 жастағы жолаушысы да оқиға орнында қаза тапты, - делінген Қарағанды облысы Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалған.