Қырғызстанның Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шәкиев Парламент отырысында "Діни сенім бостандығы және діни ұйымдар туралы" заң жобасына қатысты сөз сөйлеп, мемлекеттің діни істерге араласпайтынын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.
ТЫЙЫМ САЛМАЙДЫ
Шакиев заң жобасына дін саласы ғалымдарының қатысуымен Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия бастамашылық еткенін, кейін Парламентте қаралатынын атап өтті.
"Қазірдің өзінде заң жобасы әйелдерді орамалын шешуге мәжбүр етеді немесе уағыздауға тыйым салады деп айтылады. Орамалға ешқандай шектеу болмайды. Біздің дәстүрлеріміз бен дінімізде әйелдер, аналарымыз бен әпкелеріміз орамал тағып жүрді,”- деді Шакиев.
“ЖАҒЫМСЫЗ ҚҰБЫЛЫСТАР АЗАЙДЫ”
Ол сондай-ақ уағыз айтуға да шектеу болмайтынын жеткізді.
“Сонымен қатар, уағыздардың арқасында қоғамда маскүнемдік пен нашақорлық сияқты жағымсыз құбылыстар азайды. Заң жобасы осы процестерді реттеуге бағытталған", - деді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
Иран президенті Масуд Пезешкиан мораль полициясы бұдан былай әйелдердің өміріне міндетті түрде хиджаб киюге байланысты араласпайды деп мәлімдеген еді.
Ал, белгілі теолог Кеңшілік Тышқанұлы «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмайтын» ортақ мүддеге негізделген мектеп формасын бекіту керек деген.