Kaspi акциялары 20% құлдырады

Ілияс Бақыт

Kaspi акциялары NASDAQ биржасында 20% құлдырап 95 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Ашық дереккөзден

СЕБЕБІ НЕДЕ 

Бұндай құлдыраудың себебі Сulper Research айыптауы. Онда Kaspi компаниясын америкалық инвесторлар мен реттеуші органдарды шатыстырды деген есеп жарияланған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Kaspi-аударымдарды бақылау мәселесі жыл басынан бері ең көп талқыланған. Биыл жазда қаржы вице-министрі Ержан Біржанов "бұл бағытта билік қандай шешімге келді" деген Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап берген еді. 

“Каспий банк аударымдары бойынша біздің ұстанымдарымыз – жыл басынан бері бірыңғай. Жаппай тексеру болмайды. Тек ескерту немесе хабарлама беру арқылы егер айырмашылық шығар болса, ұсыныс жасаймыз. Себебі олар салық тіркеуіне тұруы керек. Нысаналы декларация толтыруы тиіс. Салық төлеуі тиіс. Жіберілген хабарламаны орындамаса, басқа шара қолдана аламыз. Жаппай тексеру фактілері болмайды, – деді Біржанов мәжіліс кулуарында.

ЕКІ АЙ БҰРЫН

Kaspi Bank халықаралық санкцияларға ұшыраған серіктестернің операциясына тосқауыл қоя бастаған. 

Kaspi Bank серіктестерге қызмет көрсету шартына өзгеріс енгізген.