Қазақстан тағы бір мемлекетпен визасыз режимге келіспек

Ілияс Бақыт

Қазақстан Руандамен визасыз режим орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ҚАЗАҚСТАН МЕН РУАНДА

Үкімет қаулысына сәйкес, Қазақстан мен Руанда дипломатиялық және қызметтік паспорттарының иелері бірінші келген күннен бастап визасыз кіре алады, бір-бірінің аумағында  30 күнтізбелік күнге дейін бола алады. Бірақ әр сапардың арасында 180 күндік мерзім өтуі керек.

Бұған дейін Қазақстан бірқатар басқа Африка елдерімен визасыз режим орнату бойынша қадамдар жасаған.

Соңғы күндері Конго, Сьерра-Леоне және Мароккомен визасыз режим туралы келісімдер жасалды.

БІР АЙ БҰРЫН

Қазақстан Тайландпен визасыз келісімді бекіткен еді.

25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим күшіне енген. Қазақстандықтар Вьетнам шекарасын аттаған күннен бастап 30 күн ішінде визасыз жүре алады.