Қарағандыда Ермеков көшесі бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт болып, 17 адам, оның ішінде жеті бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАСӨСПІРІМ ЗАРДАП ШЕКТІ
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Апаттар медицина орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында зардап шеккен 2011 жылғы балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінде тұрмыстық заттар мен қоқыс өртенгені анықталды.
ТЖМ ХАБАРЛАМАСЫ
ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт кезінде тұншығудан қорғау қалпақтарының көмегімен 17 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылды, – делінген хабарламада.