Алматыда тоннельде жеті көлік соқтығысты

Қалижан Бектемір

19 қыркүйекте Алматыда ірі жол апаты болды. Саин көшесіндегі тоннельде жеті көлік соқтығысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram желісіндегі kris_p_brothers паблигінің авторлары таратқан. Видео сипаттамада ірі жол апаты Саин көшесінде болғаны айтылған.

Сағат 20:30-да Саин көшесімен төмен түсіп келе жатып, осындай сұмдық көріністің куәсі болдым. Жолда бәріңіз сақ болыңыздаршы. Сізді үйде күтіп отырған адамдар бары есіңізде болсын, - делінген видео сипаттамасында.

Оқиға Саин көшесі мен Жұбанов көшесінің қиылысында болған. Жол-көлік оқиғасына жеті көлік қатысқан. Оқиға салдарынан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Қазір полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.