Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қалижан Бектемір

25 қазан – Республика күні биыл жұмаға сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қазан айында жалпы 9 күн демалады. 

Республика күніне байланысты қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 25, 26, 27 қазан күндері демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде: 25 қазан - демалыс, 26 қазан - жұмыс күні, 27 қазан - демалыс.