АҚШ-тағы президент сайлауы: Сауалнамалар не дейді

Меліс Сейдахметов

АҚШ-тағы президент сайлауына аз қалды. Додаға түсіп жатқан қос тарап үгіт-насихатын қызу жүргізіп жатыр. Осы орайда сауалнамалар не дейді, жеңіске кімнің мүмкіндігі көбірек, төмендегі материалда осы сұрақтарға жауап ізделген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САУАЛНАМАЛАРДА КІМ КӨШ БАСТАП ТҰР

ВВС дерегінше, орташа есеппен жалпы ұлттық сауалнамадарда Демократиялық партия кандидаты Камала Харрис Трамптан сәл алда келеді. Ал қазіргі президент Джо Байден болса, президенттік сайлаудан шығарға дейін Трамптан қалып қойған болатын.

ҚҰБЫЛЫП ТҰРҒАН ШТАТТАРДЫ КІМ ЖЕҢЕДІ

Қазіргі уақытта 7 штаттың сайлаушылар құбылып тұр. Кандидаттардың ол жерлердегі нәтижелері өте жақын. Сондықтан нақты кім алда келе жатқанын анықтау қиын.

Әзірге Харрис құбылмалы құбылмалы 7 штаттың 4-еуінде Трамптан алда келеді. Оның арасында Невада, Пенсильвания, Мичиган және Висконсин бар. Соңғы екі штаттағы айырмашылық 2-3 пайызды ғана құрайды. Солтүстік Каролина, Джорджия және Аризонада Трамптың басымдығы 1 пайызға тең.

САУАЛНАМАЛАРҒА СЕНУГЕ БОЛА МА

Қазіргі уақытта сауалнамалар Камала Харрис пен Дональд Трамп ұлттық деңгейде де, құбылмалы штаттарда да бір-бірінен 1 пайыз айырмашылықта келе жатқанын көрсеткен. Көрсеткіштер осыншалықты жақын болған кезде жеңімпазды топшылау өте қиын. Мәселен, сауалнамалар 2016, 2020 жылдары Трамп қолдауын жете бағаламаған.

Сауалнама өткізетін компаниялар бұл мәселені түрлі жолдармен, оның ішінде сайлауға баратын тұрғындар санатынан пікір жинау арқылы шешуге тырысады.