"Семей орманында" тағы да ұрлық әшкере болды

Ілияс Бақыт

"Семей орманы" орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары рейд кезінде орманды жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Орман шаруашылығы комитеті

НЕ ЖАҒДАЙ

2024 жылғы 19 қыркүйекте Семей филиалының Талица орманшылығында кесіп, сатуға әзірлеп қойған ағаштар табылды. Қазір кінәлілер анықталды. 

ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Әкімшілік іс 381-1-бап бойынша "ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау"бойынша қозғалды.

СЕМЕЙ ОРМАНЫ

Еске салайық, “Семей орманы” резерваты аумағында 2023 жылдың 8 маусымында өрт тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін жетті. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланған.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы оқиғаға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Биыл жазда «Семей орманы» филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкері ұсталды.