Жылы киіміңіз дайын ба: ауа-райы болжамы белгілі болды

Ілияс Бақыт

"Қазгидромет" синоптиктері 21 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Синоптиктердің болжамынша бірқатар өңірлерде сынап бағаны минусты көрсетіп, үсік жүреді. 

"Еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде сынап бағаны -1°С суықты көрсетіп, түнде үсік жүреді",-  делінген болжамда.

Гидрометорталық Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау өңірінің шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау өңірінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.