Көшпенділер ойынынан кейін қазақ халқын балағаттаған қырғызстандық ұсталды

Қалижан Бектемір

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар дауы аясында арандатушылық видео жариялаған қырғызстандықты анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин/kaktus.media

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ЛАҚТЫРҒАН

Видео авторы екі елден де кешірім сұраған. Қолданушы әлеуметтік желіде КамАЗ жүргізушісі ауыр жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып, лақтырып жіберген видеоны таратқан. Бұл қазақстандықтармен қатар қырғызстандықтардың да ашуын тудырды.

Ведомство мәліметіне қарағанда, видеоның 21 жастағы авторын мемлекеттік комитетке апарып, әңгіме жүргізген. Ол эмоцияға берілгенін мойындап, екі елден да кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді.

ҰҚМК МӘЛІМДЕМЕСІ

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұдан кейін арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегінде қақтығыстарды үдетпеуге, тоқтатуға шақырады. Бұл екі ел арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін, - деп ескертті ведомстводан.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында турнирдің финалында Қырғызстан мен Қазақстан құрамаларының көкпаршылары жаппай төбелесе жаздаған болатын.

Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шеңберінде көкпардан турнирдің финалдық матчының нәтижесіне наразылық білдірген еді.

Кейін ҚР Көкпар федерациясының құрметті президенті, Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасында болған дауға қатысты пікір білдіріп, ел құрамасы таза жеңгенін мәлімдеген.