Алматыда курсант биіктен құлап, қаза болды: ҰҚК пікір білдірді

Қалижан Бектемір

ҰҚК Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен Шекара академиясының курсанты құлап, қаза болғанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҰҚК

ҰҚК ПІКІРІ

2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды.

Өліміне биіктен құлау себеп болған. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлары анықталуда, – делінген ресми хабарламада.

МАРҚҰМ 19 ЖАСТА БОЛҒАН

Бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты биіктен құлап, қаза болғанын жазған болатынбыз

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Болжам бойынша, марқұм 19 жас шамасында.