Иранда шахтада жарылыс болып, 50 адам қаза тапты

Қалижан Бектемір

Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан қаза тапқан адамдар саны 50-ге артты, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: REUTERS

Алдын ала келтірілген деректерге қарағанда, шахта туннельдерінің бірінде жиналған метан газы салдарынан жойқын жарылыс болған. Жарылыс кезінде В және С блоктарында 69 адам болыпты.

В блогынан 20 кенші сыртқа шығарылды, ал С блогындағы 30 адам түгелдей опат болды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деп жазады агенттік.

Бұған дейін қаза тапқан адамдар саны 30 деп хабарланған.

Табас көмір кеніші ел астанасы Тегераннан 540 шақырым жерде орналасқан.

Иран президенті Масуд Пезешкиан шахтада қалған кеншілерді құтқару және олардың отбасыларына көмек көрсету үшін бар күш-жігерді салуды бұйырды. Сондай-ақ ол оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.