Алматыда ҚазҰУ студенттері арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық жасағандардың барлығы қамауға алынған.
Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.
Алматы әкімдігі ҚазҰУ жатақханаларында, оның ішінде N6 және N8 жатақханаларда қирау деректері мен құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
Оқиға 24 қыркүйек күні таңғы 3-ке таман болған. Попов пен Бальзак көшелерінің қиылысында тараптар жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Жанжалдасушылар арасында ҚазҰУ-дың студенттерінен бөлек, өзге де жастар болғаны хабарланды.