Донецк облысының оңтүстігіндегі Угледар қаласын қорғап жатқан украиндық бөлімшелердің жағдайы ауыр. Ресейлік күштер қаланы оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс жағынан қоршап, жартылай шеңберін алып қойды, бұл логистикаға қауіп төндіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЛЖЫРАҒАН 72-БРИГАДА
ВВС мәліметінше, қаланы екі жыл бойы қорғап келген Украина қарулы күштерінің 72-бригадасы қатты қалжыраған. Оларға қоршауда қалу қаупі төніп тұр. Оларға көмек те, алмастыратын күш те келе алмауда.
ҚАРУ ТАПШЫЛЫҒЫ
«Украина қарулы күштері бір мезетте Курскіге шабуылдап, шығыс пен оңтүстікте қорғанып жатыр. Олар тым бытыраңқы. Ал құрылып жатқан жаңа 14 бригада заманауи қару тапшылығын сезініп отыр» дейді сарапшы Дэвид Акс.
Украина бас штабының бұрынғы төрағасы Владислав Селезнев мәселе жау күшінің басымдығында ғана емес, қорғаныс операциясының есебінде де қателіктер бар екенін айтады.
УГЛЕДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Угледар қаласы стратегиялық маңызға ие. Ол Донецк облысындағы Шығыс майдан мен Запорож облысындағы Оңтүстік майданның түйіскен жерінде орналасқан. Қаладан 18 шақырым жерде темір жол желісі бар. Ол Ресейдің қолына өтсе, олар Донецк-Волнов желісі арқылы әскері мен техникасын оңтүстікке жеткізуге мүмкіндік алмақ.
Десе де, қала әлі де Украина қарулы күштерінің бақылауында. Артиллерия әлі де маңызды магистраль бойынша нысаналы соққы жасауға қауқарлы екені хабарланды.
ХАРЬКОВКЕ ШАБУЫЛ
Украина әскерінің бір бөлігі Угледарда ұрыс жүргізіп жатқанда, Ресей Харьковты атқылап жатыр. Атылған зымырандардың бірі қаладағы тұрғын үйге тиген.
Соңғы дерекке қарағанда, шабуылдан 3 адам қаза тауып, 22 адам адам зардап шеккен.