Пойызда сарбазды ұрған кім екені анықталды

Ілияс Бақыт

Әлеуметтік желіде тараған пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видеоның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

КІМ ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

Оқиға 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге оралған кезде болған.

“Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды”,- деп хабарлады ІІМ.

Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әскери адамға белгісіз біреу әлімжеттік көрсетіп жатқаны түсірілген видео тараған еді.

ҚЫРШЫН КЕТКЕН САРБАЗДАР

 «Баламды ақша үшін жамандыққа қиды ма деп күдіктенем» – Аягөзде көз жұмған офицердің туыстары

Еске салсақ, Қорғаныс министрлігі армиядағы өлімнің себептері жайлы айтқан еді. Мәжіліс депутаты әскерде төрт күн сайын 1 адам қаза табатынын айтып, «адам қырғынын» тоқтатуға шақырған болатын.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Бірнеше күн бұрын «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ұзамай 10810 әскери бөліміне таяуда ғана барған әскери қызметкер көз жұмды.