Байденнің президент ретіндегі БҰҰ-дағы соңғы сөзі: Ол не деді?

Ілияс Бақыт

Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстар Байденнің БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында сөйлеген сөзінің басты тақырыбы болды. Байден Украинаға, Суданға және Газаға гуманитарлық көмекке баса назар аударды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттілігін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ШИЕЛЕНІС АЙМАҚТАРЫ

Байден әлемдік дағдарыстарды, соның ішінде Судандағы, Газадағы және Украинадағы жағдайларды тізіп, АҚШ-тың оларды шешу үшін қандай қадамдар жасап жатқанын айтты. Ол Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына қарамастан, онда дипломатиялық реттеу мүмкін болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ "әділ және берік бейбітшілікке" қол жеткізілгенге дейін Украинаны қолдауды жалғастырудың маңызын атап өтті.

БҰҰ ТУРАЛЫ

Байден ұйымды кеңейтуге және оның тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, БҰҰ-ны реформалау қажеттілігін мәлімдеді. 

"Біз күшті, тиімдірек және инклюзивті БҰҰ құруымыз керек. БҰҰ бейімделуі керек, оған жаңа дауыстар мен перспективалар енгізілуі керек, сондықтан біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің реформалары мен кеңеюін қолдаймыз. Алға жылжу уақыты келді", -деді Джо Байден.

Ол БҰҰ мен оның Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікті орнатудың басты міндетіне қайта оралуы керек деп қосты.

БАЙДЕН ШЕШІМІ

Сөз соңында Байден неліктен сайлауға түспегенін былай түсіндірді.

"Мен демократияны сақтауды президенттігімнің басты мақсатына айналдырдым. Осы жазда мен президент ретінде екінші мерзімге үміткер болу туралы шешім қабылдауым керек еді. Бұл күрделі шешім болды, Президент болып жұмыс істеу – менің өмірімнің ең жоғары абыройы. Мен көп нәрсені жасағым келеді. Бірақ мен жұмысты қаншалықты жақсы көрсем де, мен елді көбірек жақсы көремін",- деді Байден.

АҚШ-ТАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

АҚШ-тағы президент сайлауына аз қалды. Додаға түсіп жатқан қос тарап үгіт-насихатын қызу жүргізіп жатыр.

САУАЛНАМАЛАРДА КІМ КӨШ БАСТАП ТҰР

ВВС дерегінше, орташа есеппен жалпы ұлттық сауалнамадарда Демократиялық партия кандидаты Камала Харрис Трамптан сәл алда келеді. Ал қазіргі президент Джо Байден болса, президенттік сайлаудан шығарға дейін Трамптан қалып қойған болатын.

ҚҰБЫЛЫП ТҰРҒАН ШТАТТАРДЫ КІМ ЖЕҢЕДІ

Қазіргі уақытта 7 штаттың сайлаушылар құбылып тұр. Кандидаттардың ол жерлердегі нәтижелері өте жақын. Сондықтан нақты кім алда келе жатқанын анықтау қиын.

Әзірге Харрис құбылмалы құбылмалы 7 штаттың 4-еуінде Трамптан алда келеді. Оның арасында Невада, Пенсильвания, Мичиган және Висконсин бар. Соңғы екі штаттағы айырмашылық 2-3 пайызды ғана құрайды. Солтүстік Каролина, Джорджия және Аризонада Трамптың басымдығы 1 пайызға тең.

САУАЛНАМАЛАРҒА СЕНУГЕ БОЛА МА

Қазіргі уақытта сауалнамалар Камала Харрис пен Дональд Трамп ұлттық деңгейде де, құбылмалы штаттарда да бір-бірінен 1 пайыз айырмашылықта келе жатқанын көрсеткен. Көрсеткіштер осыншалықты жақын болған кезде жеңімпазды топшылау өте қиын. Мәселен, сауалнамалар 2016, 2020 жылдары Трамп қолдауын жете бағаламаған.