Премьерге оқ салынған конверт келді - кім жіберген

Ілияс Бақыт

Бұдан жарты жылдай уақыт бұрын Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалған еді. Бүгін ол тағы әлдекімнен жұмбақ сәлемдеме алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ОҚ САЛЫНҒАН ХАТ

25 қыркүйекте Словакия үкіметінің кеңсесіне Үкімет төрағасы Роберт Фицоға арналған оқ салынған конверт жеткізілді.

Конвертті Конституциялық шенеуніктер мен дипломатиялық миссияларды қорғау басқармасының қызметкерлері таңертеңгі поштаны тексеру кезінде тапқан. Хатты кім жібергені белгісіз.

Словакияның Бас прокуроры Марош Жилинка конверттің жіберілуін айыптап, бұл қылмыс қана емес, сонымен бірге қатыгездіктің көрінісі екенін атап өтті.

ӨЛТІРМЕК БОЛҒАН ЕДІ

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атқан. Фицоны үкіметтің көшпелі отырысынан кейін өлтірмек болған еді.

Журналистердің айтуынша, Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылған. Премьер-министрді ауруханаға алып кеткен. Шабуылдаған адам ұсталды.

КІМ ЕКЕНІ КЕЙІН БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Кейін Словакиялық БАҚ  қастандық жасаған 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула екенін жазған. Бұған дейін ол әлеуметтік желі арқылы Фицоны ұнатпайтынын ашық айтып жүрген. 

КЕШІРЕТІНІН АЙТТЫ

Ал, қастандыққа ұшырап, оқ тиген Словакия премьер-министрі  Роберт Фицо мәлімдеме жасап, өзін атқан адамды кешіретінін айтты