Пойызда сарбазды ұрғандар ұсталды

Ілияс Бақыт

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

МЕКЕН-ЖАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталған.

АСТАНАДА ҰСТАЛДЫ

“Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды”,- деп хабарлады ІІМ.

Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

ВИДЕОСЫ ТАРАҒАН ЕДІ

Бұған дейін әлеуметтік желіде әскери адамға белгісіз біреу әлімжеттік көрсетіп жатқаны түсірілген видео тараған еді.

ҚЫРШЫН КЕТКЕН САРБАЗДАР

 «Баламды ақша үшін жамандыққа қиды ма деп күдіктенем» – Аягөзде көз жұмған офицердің туыстары

Еске салсақ, Қорғаныс министрлігі армиядағы өлімнің себептері жайлы айтқан еді. Мәжіліс депутаты әскерде төрт күн сайын 1 адам қаза табатынын айтып, «адам қырғынын» тоқтатуға шақырған болатын.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ұзамай 10810 әскери бөліміне таяуда ғана барған әскери қызметкер көз жұмды.