1 миллион мен 3 миллионның арасы: Блогерлер жарнама үшін қанша алады

Ілияс Бақыт

Қазір әлеуметтік желіде блогерлердің белсенділігі артып тұр десек артық айтпағанымыз. Өз кәсібінің жарнамасын жасату үшін оларға жүгінетіндер аз емес. Ендеше сол блогерлердің құны қанша? Желідегі бір минуттық жарнамасы үшін 1 миллион мен 3 миллион теңгенің арасында ақы алатындар кімдер? Ulysmedia.kz материалында.

Коллаж Ulysmedia

ГҮЛМИРА ӘБДІРАШЕВА 

Гүлмира Әбдірашеваның желідегі 1 сторизы 1 миллион теңге тұрады екен.  Инстаграмм парақшасында 1 миллион 400 мыңдай оқырманы бар.  

МАДИНА МАМАДИЛОВА 

Мадина Мамадилованың 1 сториз сериясы 700 000 мың теңге тұрады. Ол инстаграмм әлеуметтік желісінде @m_a_d_l_e_n есімімен танымал. Парақшасында 2 000 000 оқырманы бар. Ару желіде қымбат көлік, бренд киім-кешек, шет елдегі демалысын көрсетеді. 

ӘЛИЯ БАЙТУҒАЕВА 

Әлия Байтуғаева 3 сториз үшін 2 500 000 теңге алады. Желідегі парақшасы @super.mamasita деп аталады. Онда 7 миллион оқырманы бар. Үш баланың анасы. Парақшаның сипаттамасында “Мен спорт, отбасы, рецепт туралы көрсетемін” деп жазылған. Еске салайық бір кездері Супер мамасита сәттілік әкелетін қызыл жіп сатып жұрттың қызу талқысына түскен еді.  

АЙМАН НАЗАР 

Айман Назар стористер сериясы үшін 900 000 теңге алады екен. Инстаграмм парақшасында 124 000 оқырманы бар. Медиа маркетолог. Парақшаның сипаттамасында Балиде жылжымайтын мүлік сататынын жазып қойған.  

БҰҒАН ДЕЙІН

Атырауда блогерлердің қысымынан кейін бақилық болды деген күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. 

15 000 000 ТЕҢГЕ ТАПҚАН

Ал Мұрат Әбділданың Сампо лақап атымен танымал блогермен бірлесіп өткізген желідегі тікелей эфирі көптің назарын аударған еді. Она қаралымнан да, басылған лайктардың санын да байқауға болады. 

Мысалы Мұрат үшін көрермен 150 миллион рет лүпілдетіпті. Ал эфирді тамашалағандардың саны 170 мың адам. 196 мың рет тікелей эфирдің сілтемесін өзгелермен бөліскен. Бұл ТМД елдері арасындағы рекорд.

Дастан Арысбай есімді көрерменнің есептеуінше Мұрат Әбділда жарты сағат тик-ток желісінің тікелей эфирінде отырып 30 000 АҚШ долларын тапқан. Бұл теңгеге шаққанда 15 миллионға жуықтайды.