"Ештеңе өзгермейді": Жедел жәрдемге қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Ілияс Бақыт

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлі өзінің телеграмм арнасыда жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін хабарлады. Ведомствоның сөзінше олардың ойын қате түсінгендер бар екен. 

“Бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады. Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады. Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады”,- дейді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі  Айгерім Уразалиева.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстанда жедел медициналық жәрдем көрсету ережелеріне айтарлықтай өзгеріс енгізілгелі жатырғанын жаздық. Оған сәйкес барлық бригада барлық науқастарға тәулік бойы бара бермейтін болған. 

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Ашық НҚА сайтында енгізілгелі отырған өзгерістер жобасын жариялады. Оған сай, арнайы бригада түнгі уақытта жеделдігі жөнінен 4-санатқа жататын шақыруларға бармайтын болады.

ОЛ ҚАНДАЙ САНАТТАР

Жобада шақыруларды жағдайдың жеделдігіне қарай санаттарға бөлу көзделген.

  1. Жеделдіктің 1 санаты – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін өмірге тікелей қатер төндіретін жағдай; Бригада 10 минут аралығында келеді.
  2. Жеделдіктің 2 санаты – медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіретін жағдай; Бригада 15 минутқа дейін келеді.
  3. Жеделдіктің 3 санаты – медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қатер төндіретін жағдай: Бригада 30 минутқа дейін келеді.
  4. Жеделдіктің 4 санаты – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған жағдай. Жедел жәрдем бригадасы мұндай шақыруларға кестеге сай барады.

4 САНАТҚА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Енді жедел бригада 4 санаттағы шақыруларға тек жұмыс сағаттарында барады:

  • Дүйсенбі-жұма: 08:00-18:00 аралығы;
  • Сенбі: 08:00-12:00 аралығы
  • Жексенбі: демалыс