46 жылын түрмеде өткізген жапондық толық ақталып шықты

Ғалиасқар Думан

Жапония соты бірнеше адамды өлтірді деп танылып, 46 жыл түрмеде жалғызадамдық камерада отырған 88 жастағы Жапония азаматы Ивао Хакамаданы ақтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
 

Theguardian.com

ӨЛІМ ЖАЗАСЫ

Ивао Хакамада 1968 жылы бастығы мен оның әйелі және екі баласын өлтірді, олардың үйін өртеп жіберді деп айыпталып, өлім жазасына кесілген.
Ол бастапқыда кінәсін толық терістеп, кейін мойындаған. Алайда полицейлердің аяусыз жауап алуы мен азаптағанынан кейін мойындағанын жылдар бойы айтып, онысын дәлелдей алмай келді.

ҚАЙТА ҚАРАУ

2014 жылы адвокаттар қылмыскер киді делінген киімдегі қан ДНК-сы қорғауындағы адамдікімен сәйкес келмейтінін дәлелдеп, Ивао Хакамада босатылып, істі қайта қарауға рұхсат алған. Бірақ сот процесі созылып, тек былтыр ғана қайта қарала бастады. Процесті қайта қарау барысында Хакадами толық ақталып шықты. Осылайша, Жапония заң тарихындағы ең танымал әрі ұзақ іске нүкте қойылды.

Хакамада бүгінде психикалық жағдайы нашарлап кетуіне байланысты қарындасының қамқорлығында. Өзі сотқа келе алмады. Ол өлім жазасына кесіліп, ісін қайта қарауға қол жеткізе алған елдегі бес адамның бірі. 46 жыл бойы түрмеде отырғаны кезінде өзінің кінәсіздігін айтудан жалықпаған.

ҚОҒАМ РЕАКЦИЯСЫ

Оқиға қоғам қызығушылығын тудырып, Сидзуокедегі сот залына процесті көргісі келетіндерден 500 адамдық кезек пайда болған.
Белсенділер бұл іс елдің сот жүйесіндегі көптеген кемшіліктерді ашып бергенін, өлім жазасының тым қатаңдығын айтқан.