Қос азаматтығы бар Павлодар облысының тұрғыны елден қуылды

Қалижан Бектемір

Биыл жыл басынан бері Павлодар облысында 927 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды, оның 916-сында басқа мемлекет азаматтығының бар екені анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ НЕ ДЕЙДІ

Қазақстандық құжаттарды пайдаланған 6 азамат анықталды, тағы 19 бұзушы белгіленген мерзімде басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Полиция Шарбақты ауданының екі тұрғынын анықтаған, олар 2023 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының азаматтығын және паспорт алған, алайда заңнамада белгіленген мерзімде басқа республиканың азаматтығын қабылдағаны туралы хабарламаған және қазақстандық құжаттарды тапсырмаған.

ЖАЗА

Сот қаулысымен ауыл тұрғындары кінәлі деп танылып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ Екібастұз қаласының тұрғыны осындай заң бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен елден шығарылды.

2019 жылдың қазан айында Ресей Федерациясының азаматтығын алғаннан кейін ол өзінің қазақстандық құжатын тапсырмаған.