Тоқаевтың тапсырмасы. Министрлік ҚазҰУ кампусының құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді

Әлихан Асқақ

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кезек күттірмейтін шығыстарға 2 млрд 674 млн теңге сомасында қаражат бөлсін. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жаңа ҚазҰУ-градтық кампусын салу және қолданыстағы инфрақұрылымды қайта жаңғырту» жобасы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары, - делінген құжатта.

Түсіндіргендей, қаржы мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бөлініп отыр.