Израиль мектепке соққы жасады – 15 палестиналық қаза тапты

Ілияс Бақыт

Газа секторындағы Джабалия босқындар лагерінде израильдіктердің бомбалауынан кем дегенде 15 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

"ЭЛЬ-ФЕЛЛУДЖА" МЕКТЕБІНЕ СОҚҚЫ 

Израиль күштері Эль-Феллуджа мектебінің ғимаратына соққы берді, онда жүздеген отбасы үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Қаза тапқандардың арасында әйелдер мен жасөспірімдер бар. Сондай-ақ тағы ондаған адам жарақат алған. 

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ САНЫ АРТУЫ МҮМКІН 

Зардап шеккендердің саны артуы мүмкін, өйткені ауруханаларға жеткізілген кейбір зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Израиль армиясы Газа секторындағы гуманитарлық аймаққа әуеден шабуыл жасады. Салдарынан Палестинаның ондаған бейбіт тұрғыны қаза болды.

ИЗРАИЛЬ НЕ ДЕЙДІ   

Израиль армиясы 10 қыркүйек, сейсенбіге қараған түні Палестинаның радикалды Хамас қозғалысының командалық орталығына жасалған соққыдан "жоғары дәрежелі террористердің" көзі жойылғанын хабарлады.

ПАЛЕСТИНА ТАРАПЫ НЕ ДЕЙДІ 

Палестина құтқару қызметінің хабарлауынша, Газа секторының оңтүстік бөлігіндегі Хан Юнистегі әл-Мавази гуманитарлық аймағына соққы кезінде 40 адам қаза тауып, тағы 60 адам жараланып, айналасындағы ауруханаларға жатқызылған.