Алматы облысында 15 жастағы қыздан ақша бопсалағандар анықталды

Қалижан Бектемір

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың жәбірленушіге психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді, – дейді ПД ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров.

ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастырып жатқанын жеткізді.