«250-ден астам...»: Қазақстанға тәліптер келе жатыр

Қалижан Бектемір

Тәліптер биыл 22 қазанда Алматыда көрме ұйымдастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: new-retail.ru

НЕ ҮШІН

Тамызда Ауғанстанның Индустрия және сауда министрлігі Алматыда тауар және қызмет көрсету көрмесін ұйымдастыратынын айтқан болатын. Кейін көрме өтетін күн жылжып, 22 қазанға белгіленді.

22 қазанда Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі кезекті Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумын ұйымдастырады. Көрме осы іс-шара аясында өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Талибанға» қарсы Халықаралық сотқа шағым түсті

250-ДЕН АСТАМ КӘСІПКЕР ТАУАРЛАРЫН ҰСЫНАДЫ

Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес-форум өтеді, онда Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден астам кәсіпкер тауарлары мен қызметтерін ұсынады, – делінген іс-шара хабарламасында.

Қазақ-ауған форумдары жиі өткізіліп тұрады.

Биыл сәуір айында форум Ауғанстанда өтті. Астанада мұндай кездесу 2023 жылдың тамыз айында болды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салсақ, бұған дейін тәліптер билікке келгеннен кейін Ауғанстандағы әйел құқығы айтарлықтай шектелгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Ауғанстанда әйелдерге көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынған болатын.

Қазақстан Талибанмен ынтымақтастықтан бас тартпайтынын хабарлаған едік. Талибан елімізде тыйым салынған ұйымдар тізімінен алынып тасталған.