Жүргізушілер назарына! ҚазАвтоЖол ескерту жасады

Әлихан Асқақ

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қазақстандық жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Құрметті жол пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – деп ескертті компания өкілдері.

Ведомство мәліметінше, СҚО мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында күртік қар жаууы мүмкін.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жауын жауып, таулы аймақтарда қар түсуі мүмкін.

Осыған байланысты ұлттық компания жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.

Бұған дейін елде -7 градусқа дейін суық болатыны хабарланған еді.