"Израильдің "Хезболланы" жоюға толық құқығы бар": Израиль премьер-министрі

Ілияс Бақыт

БҰҰ трибунасынан Беньямин Нетаньяху Иранға доқ көртетті., БҰҰ-ны "Тәкаппар Фарс" деп айыптады және Израиль "Хезболланы" жоюға "толық құқылы" екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

НЕТАНЬЯХУ НЕ ДЕДІ 

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху БҰҰ трибунасынан сөз сөйледі. Ол әуелі шабуылға шабуылмен жауап қататынын мәлімдеді.

"Менде Тегерандағы тирандарға арналған хабарлама бар: егер сіз бізге шабуыл жасасаңыз, біз сізге шабуыл жасаймыз. Иранда Израильдің ұзын қолы жетпейтін орын жоқ. Бұл бүкіл Таяу Шығысқа қатысты", - деді Израиль үкіметінің басшысы Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде. 

ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ СЫНҒА АЛДЫ

Нетаньяху сонымен қатар Иранның ішіндегі азаматтардың қысымын да, Тегеранның сыртқы агрессиясын да елемей тыныштандыруға тырысқаны үшін әлемдік қауымдастықты сынға алды. Израиль премьер-министрі сонымен қатар Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Карим Ханды айыптады. Ол Нетаньяхуды тұтқындауға санкция сұрап, оны “Газа секторындағы әскери қылмыстарға жауапты” деген еді.

“ХЕЗБОЛЛА”  ЖАЙЫНДА

Беньямин Нетаньяху сонымен бірге Израильдің "Ливан шекарасындағы үйлеріне израильдіктерді қайтару үшін "Хезболланы" жоюға толық құқығы бар" деп атап өтті.