Мұғалімдердің беделі үшін: Италияда тәртібі нашар оқушылар екінші жылға қалады

Сырым Қаржас

Елде мұғалімдерге шабуыл жасау жайттары көбейіп барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

ашық дереккөзден

ЖАҢА ЗАҢ

Италияда мектеп оқушыларының мінез-құлқы мұғалімдерді қанағаттандырмаса, оларды екінші жылға қалдыруы мүмкін заң қабылданбақ, деп хабарлайды The Guardian. 

Мектептер "мінез-құлық бағасын" қалпына келтіреді. 10-нан бес немесе одан аз ұпай жинаған орта және жоғары сынып оқушылары, егер олардың үлгерімі тиісті деңгейде болса да, екінші жылға қалады. Мінез-құлқы үшін тек алты ұпай жинаған орта мектеп оқушылары азаматтық білім беру тестінен өтуі керек. Мінез-құлықты бағалау сонымен қатар маңызды қорытынды емтиханға үлкен әсер етеді.

– Мінез-құлықты бағалау реформасы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын қайтарады, адамдарға және қоғамдық игіліктерге деген құрметке басымдық береді және мұғалімдердің беделін қалпына келтіреді, деді Италияның білім министрі Джузеппе Вальдитара.

СЕБЕП

Елдегі мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия немесе зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 500 еуродан (266 000 теңге) 10 000 еуроға (5 330 000 теңге) дейін айыппұл салынды. 

Бұл заңның қабылдануына Италияда мұғалімдерге жасалған шабуылдардың көбеюі себеп болған. Жыл басынан бері оқытушылар құрамына қатысты агрессивті мінез-құлық жағдайларының саны 2023 жылмен салыстырғанда 110% өскен. Көп жағдайда мұғалімдерге медициналық көмек қажет болған.
Мұғалімдермен тек балалар ғана емес, олардың ата-аналарымен де қақтығысқа түседі. Оқушылардың мұғалімдермен қақтығысының жалпы себебі – балалардың сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануы болып отыр.