Жазасы тағы 1 жыл: Оралда тұтқын түрменің камерасын сындырған

Сырым Қаржас

Сотталған адамның камераға қасақана зиян келтіргені хабарланады, деп жазады Ulysmedia.kz

ашық дереккөзден

КІНӘСІ ДӘЛЕЛДЕНДІ

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымына сай қылмыстық кодекстің 428-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерін қасақана жою немесе бүлдіру) сотталғанның кінәлі дәлелденген.

ЖАЗА

Сотталған адам ауыр қылмыс жасағаны үшін Орал қаласындағы №28 (қауіпсіздігі барынша жоғары) мекемесінде жазасын өтеу кезінде теріс мінез-құлық танытқан. Ол белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында 2 дана үздіксіз бейнебақылау камерасына қасақана зақым келтірген.

Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 1 жылға бас бостандығынан айырған. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылған.