АҚШ-тағы "Хелен" дауылынан 40-тан астам адам қаза тапты

Сырым Қаржас

АҚШ-тың оңтүстік-шығыс аумағында болған «Хелен» дауылы салдарынан кемінде 43 адам қаза тауып, миллиондаған адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Reuters

ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Дауыл алдымен Флоридада соғып, содан кейін солтүстіктегі Джорджияға қарай жылжыған, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Каролинаға ауысты.

ҚАУІП СЕЙІЛГЕН ЖОҚ

“Хелен” 24 сағаттан кейін айтарлықтай екпінін жоғалтқанымен, метеорологтар алда әлі де күшті жел соғып, толассыз жаңбыр және торнадо қаупінің жалғасу ықтималдығы туралы ескертті. Дауыл аймағындағы үйлер мен жолдарды жартылай су басқан.

Су тасқынынан зардап шеккен бір отбасы BBC-ге үйлерінен қауіпсіз жерге кету үшін судан жүзіп өтуге мәжбүр болғанын айтты. Сақтандыру компаниялары “Хелен” келтірген шығынды миллиардтаған долларға бағалады.

ДАУЫЛДЫҢ ҚУАТЫ

“Хелен” дауылы – 4-санаттағы , екiншi ең қуатты дауыл, жел жылдамдығы 240 км/сағ.

АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығының мәліметінше, “Хелен” 24 сағат ішінде басылуы керек, бірақ қатты жел, су тасқыны және көшкін қаупі сақталып отыр.

“Хелен” Құрама Штаттардағы осы кезге дейін байқалған күшті дауылдардың тізімінде 14-ші сатыға орналастырылды. Сонымен қатар оның аумағы 675 км-ге жуық және бұл тарихтағы үшінші көрсеткіш. Әйгілілері 2017 жылы «Ида» және 1996 жылы «Опал» екені белгілі.