Израиль әскері Бейруттың оңтүстік шетіндегі топтың орталық штаб-пәтеріне бір күн бұрын жасаған әуе соққысынан Хезболла жетекшісі Сайед Хасан Насралланың өлтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Reuters агенттігі Израиль армиясының мәлімдемесіне түсініктеме алу үшін “Хезболла” ресми өкілдерімен байланыса алмағанын жазды.
Иран қолдайтын «Хезболла» ұйымын 32 жыл бойы басқарып келе жатқан Насралланың қазасы туралы ақпаратқа әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Еске сала кетсек, бүгін Израиль әскерінің Бейруттағы "Хезболланың" негізгі штаб-пәтеріне ауыр соққы жасағанын хабарлағанбыз.