Геннадий Головкин мен Бас прокурор қандай келісімге келді

Сырым Қаржас

Бас прокуратура мен ҰОК арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Бұл туралы елдің Бас прокуратурасы хабарланды.

МӘЛІМДЕМЕ

“Бас Прокурор Берік Асылов пен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қол қойған келісімнің мақсаты – спорт саласында заңдылықтың нығаюы, бюджет қаражатын жымқыруды болдырмау және басқа да қылмыстарға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу”, делінген Бас прокуратура хабарламасында.

КЕЛІСІМ

Осылайша, тараптар белсенді ақпараттық өзара  іс-қимылды, бірлескен талдауларды, жобаларды, оның ішінде күштік органдардың қызметкерлері арасында танымал спортшыларды дайындап шығару мақсатында құқық қорғау органдарында спортты кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу туралы келісімге келіп отыр.