Аккумулятордың арзандауы: Әлемде электромобиль өндірісі арта ма?

Сырым Қаржас

Америкалық активтерді басқарумен айналысатын M Capital Group (MCG) компаниясы аккумулятор бағасының төмендеуі әлемдік электромобильдер нарығын жақсартатынын болжап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

static.tildacdn.com

950 МЛРД ДОЛЛАРДАН АСАДЫ 

Болжам бойынша, 2030 жылға қарай бұл нарық 950 миллиард доллардан асады.

MCG есебіне сәйкес, өткен жылы аккумулятор бағасының айтарлықтай төмендеуі алдағы уақытта электромобиль нарығының және таза энергияға кеңірек көшудің негізгі драйвері болуы мүмкін.

«Электрлік көліктер – технология, инженерия емес» деп аталатын есеп Қытай, АҚШ және Еуропаның электр көліктерінің әлемдік сатылымының 95%-ын құрайтынын көрсетеді. Болжамдарға сәйкес, 2030 жылға қарай бұл нарық 950 миллиард доллардан асады, ал күрделі жылдық өсу қарқыны (CAGR) 23%-дан асады. Бұл өсім батарея құнының төмендеуіне, аккумуляторлық технологияның жетістіктеріне, қоршаған ортаны қорғау туралы ақпараттың артуына және саланы қолдайтын мемлекеттік саясатқа байланысты” делінген компания есебінде.

ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Дегенмен, бұл төңіректе әлі де проблемалар бар. Батарея өндірісінің маңызды құрамдас бөлігін құрайтын литийге деген сұраныстың артуы қоршаған ортаға қатысты алаңдаушылықты арттырып келеді.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНЫ

Литийге деген сұраныс 2040 жылға қарай 40 еседен астам өседі деп күтіліп отыр. Ал бір тонна литий өндіру шамамен 15 тонна CO2 шығарады.

Бұған қоса, литий батареяларының тек 5%-ы ғана қайта өңделеді, дегенмен қайта өңдеудің жаңа үрдістері бұл мәселені шеше бастады.

БАСТЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫ

Тұтынушылар үшін жоғары бағалар мен зарядтау станцияларының жетіспеушілігі басты қиындықтар болып қала береді. Инфрақұрылымды дамытуға қажетті қомақты инвестиция бұл проблемаларды одан әрі ушықтыра түседі.