Сауд Арабиясында 200-ге жуық адам өлім жазасына кесілді

Қалижан Бектемір

Сауд Арабиясы тағы да халықаралық назарға ілігіп, құқық қорғаушылардың сынына ұшырады. 2024 жылы елдегі өлім жазасы 198-ге жетті. Бұл – соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Өлім жазасының жаңа толқыны әлемдік қауымдастықтың елдегі адам құқықтарының сақталуына алаңын туғызып, биліктің модернизацияға деген ұмтылысына қайшы келеді.

ӨЛІМ ЖАЗАСЫНЫҢ ӨСУІ 

Сауд Арабиясындағы өлім жазасына қатысты жағдай нашарлай түскен. 2023 жылы патшалықта 170 адам, ал 2022 жылы 196 адам өлім жазасына кесілген. 

Соңғы оқиға 28 қыркүйекте болды. Сауд Арабиясы билігі үш өлім жазасын орындап, өлім жазасының жалпы санын 198-ге дейін арттырған. 

"ЖАЛҒАН РЕФОРМАЛАР" 

Reprieve халықаралық құқық қорғау ұйымының өкілі Сауд Арабиясын мәлімделген уәделерді орындамағаны үшін сынға алып, жарияланған модернизация бағдары мен елдегі нақты жағдай арасындағы қарама-қайшылықты атап өтті. Оның айтуынша, Сауд Арабиясы билігінің уәделері, оның ішінде сот жүйесін реформалау әрекеттері тек сөз жүзінде қалған.

– Уәделер орындалмайды және қазірдің өзінде қол жеткізілген прогресс жойылып жатыр, — деген Reprieve өкілі мұндай әрекеттер реформаларға деген сенімге нұқсан келтіретінін және биліктің адам құқықтарын қорғау ниеттерінің шынайылығына күмән келтіретінін атап өтті.

Ресми статистикаға сәйкес, 2024 жылы Сауд Арабиясында терроризмге қатысты 32 адам және есірткіге қатысты 52 адам өлім жазасына кесілген. Құқық қорғау ұйымдары патшалықты зорлық-зомбылықсыз қылмыстарға қатысты қатаң шаралар үшін бірнеше рет сынға алып, үкімдердің әділдігіне алаңдаушылық білдірді.