Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері үш күн жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
3 КҮН ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Әңгіме алдағы қазан айының 1-3 жұлдызы туралы.
“Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 1-3 қазан аралығында жұмыс істемейді”,- деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
МЕРЕКЕ СЕБЕП
Бұған себеп Қытайдағы мереке.
"ҚХР-ның құрылған күнін мерекелеуге байланысты 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", – делінген хабарламада.
Бұл ретте теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Комитет тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдірушілердің барлығынан маршруттарын алдын-ала жоспарлауды сұрады.