Астанада сот уақытты қайтаруды талап еткен азаматтың ісін қараудан бас тартты

Сырым Қаржас

Елордалық тұрғын бұрынғы уақытты қайтаруды талап етіп, Сауда және интеграция министрлігін Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі ауданаралық сотына сотқа берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

СОТ НЕ ДЕЙДІ

Сотта арыз түсіруші жауапкер Сауда және интеграция министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне талап қойып, әкімшілік сотқа жүгінген. Ол Үкіметтің 2024 жылдың 19 қаңтарындағы қаулысын заңсыз деп тануды, Үкімет жанындағы жұмыс тобының 2024 жылғы 2 тамыздағы «уақытты қайтарайық» петициясын қанағаттандырудан және ақпаратқа қол жеткізуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тануды талап еткен.

–  Талап қоюшының бастапқыда мәлімдеген талаптары әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.  Осыған байланысты соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру шеңберінде сотпен талап қоюшыға өз талаптарын нақтылау құқығы түсіндіріліп, талаптардың мәнін өзгерту (қорытынды шешімді және тиісті жауапкерді көрсету) ұсынылды. Сот белгілеген мерзімде сотқа әкімшілік талапты нақтылау немесе толықтыру туралы өтініш түскен жоқ, –делінген сот хабарламасында.

Сондықтан, талап қоюшы өз құқығын пайдаланбай, талаптарды нақтыламауына (өзгертпеді) байланысты талабы кері қайтарылған.

ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Қазақстанда биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Үкімет басшысы таяуда Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойған еді. 

Таяуда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұрынғы уақытты қайтару жөнінде талапқа жауап берді. Оның сөзінше, ұсыныс қайта қаралуы керек. Ал жақында Мәжілістің бір топ депутаты уақыт белдеуіне өзгертуге байланысты үндеу жасап, алдағы уақытта Парламенттің жалпы отырысында мәселе көтерілетінін мәлім еткен.