Украина бес қаланың атауын өзгертуге кірісті

Қалижан Бектемір

Украинаның Ұлттық еске алу институты жіберген ұсыныстармен тиісті қаулылардың жобалары 30 қыркүйек, дүйсенбіде Жоғарғы Рада сайтында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: top.today.ua

Сонымен, Первомайск қаласын Ольвиополь деп өзгерту ұсынылды. Южноукраинск аты Гард деп өзгертілуі мүмкін.

Южное қаласын Порт-Анненталь деп атау ұсынылады. Павлоград қаласының атауын өз кезегінде Матвеевке, ал Синельниковоны Роднопольеге ауыстыру ұсынылды.

Бұған дейін Ресей түрмелерінде 14 мыңнан астам бейбіт украиндық бар екенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Украинадағы соғыс немен аяқталуы мүмкін екеніне болжам жасалған еді.