Қырғызстан Қазақстаннан алатын көмірден бас тартады

Әлихан Асқақ

Бұл туралы "Биринчи радиосына" берген сұқбатында Қырғызстанның Энергетика министрі Таалайбек Ибраев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

МӘН-ЖАЙ

Оның айтуынша, бүгінде Бішкек ЖЭО-да 200 мың тонна көмір бар.

Жыл сайын көрші елдерден 550-600 мың тонна көмір сатып алатынбыз. Биыл бұл көлем 180 мың тоннаға дейін қысқарды. Жоспар бойынша алдағы үш жылда Қазақстаннан келетін қатты отын импортынан бас тартқымыз келеді. Бізде Нарын облысы Мин-Куш ауылында Ак-Улак кен орны бар. Бұған дейін ол жерде өндірілген көмір бағаланбай келді. Қазір инвесторларды тартып, ЖЭО-да нарындық қатты отынын қолданамыз, – деді Таалайбек Ибраев.

Ол көмірдің сапасы жағынан Ак-Улак көмірі Қазақстанда өндірілетін көмірден кем түспейтінін атап өтті.

КӨМІР ЭКСПОРТЫ

2022 жылғы дерек бойынша Қазақстан ТМД елдеріне тас көмірдің ең көп көлемін жеткізді – 156,2 млн долларға 10,9 млн тонна. Атап айтқанда, жалпы экспорт көлемінің 62,2%-ы Ресейге тиесілі. Үш негізгі импорттаушы қатарға Қырғызстан мен Өзбекстан да кірді.

ТМД-дан тыс елдерге Қазақстан 301,2 млн долларға 5,4 млн тонна көмір экспорттаса, мұнда Швейцария негізгі бағыт болып саналады – 3,7 млн тонна, плюс 73,1%.