Астанада көпқабатты үйден өрт шықты

Қалижан Бектемір

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

ТЖМ мәлімдеуінше, түн ортасында Алматы ауданында Б.Момышұлы даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің сырты жанып жатқаны туралы қоңырау келіп түскен.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері керамограниттен жасалған қаптама астындағы қабырғаның сыртқы жылуұстағышының 15 шаршы метр және кабельдің 19 погондық метр алаңда жанып жатқанын анықтады, - делінген хабарламада.

Қаптау материалын тез бөлшектеп, жылуұстағышқа мұқият су төгіп тастаған өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, түн ортасында тұрғындарды эвакуацияламай-ақ оны сөндірді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында су жаңа жеңіл көліктер тасымалдап бара жатқан жүк көлігі отқа оранды.