Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Қалижан Бектемір

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478 - 482 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Ұлттық банктің 2 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 480,11 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,14 теңге.

Еуро — 532,25.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 482,5 теңге. Еуро 532,5 — 536,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 482 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.