Таяу Шығыстағы шиеленіс: Азаматтық авиация комитеті шұғыл мәлімдеме жасады

Қалижан Бектемір

Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia/ЖИ

ШҰҒЫЛ МӘЛІМДЕМЕ

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Иран Израильге зымыранмен шабуыл жасаған болатын.

РАКЕТА ҰШЫРЫЛДЫ

Израильдің барлық территориясында әуе дабылының сигналдары естіліп жатыр.

Израиль армиясы ел азаматтарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеп, нұсқауларды сақтауды сұрады.

ДАУ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Иран алғаш рет тікелей 2024 жылы сәуір айында өзінің территориясынан Израильге шабуыл жасады. Сол кезеңде Израильге 300-ден астам дрон мен зымыран жіберді, олардың 99%-ы қағып түсірілді. Сәуірдегі шабуылға «Хезболла» қозғалысы да қатысты, ол Голан таулы аймақтарына соққы жасады.

Шабуылдың себептері 1 сәуірде Дамаск қаласындағы Иран консулдығына жасалған шабуыл делінеді. Осының салдарынан Ислам революциясының сақшылар корпусы (КСИР) құрамында жеті адам, оның ішінде «Құдс» арнайы бөлімшесінің командирі генерал Мохаммад Реза Захеди мен генерал Мохаммад Хади Хаджи Рахими қаза тапты.

КЕК АЛУ АКЦИЯСЫ

Тегеран бұл шабуылды Израильдің әрекеті деп атап, бұрын-соңды болмаған кек алу акциясын жариялады.

Кейін Израиль Иранның зымыран шабуылы аяқталғанын мәлімдеді.