Қазақстанның Ирандағы елшілігі мәлімдеме жасады

Әлихан Асқақ

Қазақстанның Израильдегі елшілігі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ашық дереккөз

Бұл туралы елшілік мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, соңғы жаңалықтарды қадағалауға, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуға кеңес береді.

Ресми мәліметтер бойынша, Израильде Қазақстан азаматтары үшін шұғыл байланыс желілері ашылды.

Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыстары:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (мобильді, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (мобильді, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Бұған дейін қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өту ұсынылған

“Сейсенбіде Иран, Израиль, Иордания, Ирак және аймақтың басқа елдері бойынша рейстерді жергілікті билік тоқтатты, бұл авиакомпанияларды дереу әрекет етуге және рейстерінің бағытын өзгертуге мәжбүр етті. Кейінірек кейбір шектеулер алынып тасталды, Иордания, Израиль және Ирак өздерінің әуе кеңістігін қайта ашты, бірақ аймақ арқылы рейстер саны ең аз болып қала береді” делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанға қараған түні Иран Израиль аумағына зымыран соққыларын жасады. Қазіргі шабуылдың ауқымы әлі толық анық емес. Израиль Иранға жауап ретінде ядро және мұнай нысандарына соққы жасауы мүмкін екені айтылды.