Жағдай ушықса Қазақстан Таяу Шығыстқа репатрациялық рейс жібереді

Аян Өрібай

Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР СІМ

“БАҚЫЛАУДА ҰСТАП ОТЫРМЫЗ”

– Егер жағдай ушықса онда міндетті түрде жібереміз. Қазір оны бақылауда ұстап отырмыз, – деді Айбек Смадияров. 

Қазақстан бұған дейін шиеленіскен тараптарды өз еліне шақырып, мәмілеге шақырған. Осындай тәжірибені бұл жолы да қолдана ма деген сұраққа Смадияров “мұндай мәселені әлі талқылау ерте, мониторинг жасап отырмыз” деп жауап берді.

ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕ ЕСЕПТЕ ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰР

Смадияровтың айтуынша, Израильде консулдық есепте 122 адам, Иранда 102 адам, Ливанда 139 адам Қазақстан азаматы тұрады. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Көптеген азамат консулдық есепте тұрмайды. Осыған байлатысты байланыс орнату, Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақытты алғалы тұр.

– Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанның барлық азаматын барған елінде консулдық есепке тұруға шақырамыз” деді Айбек Смадияров.

Шиелініске байланысты АЭС референдумына Иран, Израиль мен Ливандағы қазақстандықтар қатыспайды.