Украина қарулы күштері Угледар қаласынан шығып жатқанын мәлім етті. Ресейлік әскерилер Донецк облысының оңтүстік-батысындағы қаланы басып алғанын айтып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
АЩЫ МӘЛІМДЕМЕ
«Хортица» жедел-стратегиялық тобының әскері қоршауда қалу қаупіне байланысты әскерді қаладан шығару туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
«Ұзаққа созылған ұрыста көптеген адам шығынана ұшыратып, қарсылас Угледарды ұстап тұру мүмкіндігін қалдырмады. Қаланы қалай да алу үшін флагтық соққылар жасауға резервін тарта біліп, Украина Қарулы күштері бөлімдерінің қорғанысын әбден қалжыратты. Қарсылас әрекетінің салдарынан қаланы қоршап алу қаупі төнді. Жоғары командирлер жеке құрам мен әскери техниканы сақтап, алдағы әрекеттерге қам жасау үшін бөлімшені Угледардан шығару бойынша маневр жасауға рұхсат берді» делінген Украина әскерилерінің хабарламасында.
УГЛЕДАР ТУРАЛЫ
Угледар қаласы стратегиялық маңызға ие. Ол Донецк облысындағы Шығыс майдан мен Запорож облысындағы Оңтүстік майданның түйіскен жерінде орналасқан. Қала биік жерде орналасқан маңызды плацдарм. Қаланың биіктігі шамамен 180-200 метр теңіз деңгейінен жоғары, бұл оған оңтүстік және шығыстағы елді мекендерді артиллериялық бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Алайда, соғыс зерттеу институтының (ISW) мәліметінше, бұл артықшылық Ресей армиясы үшін онша айқын емес, өйткені батысқа немесе солтүстікке қарай шабуыл жасаған жағдайда әскерлерге ашық дала арқылы ондаған шақырымды еңсеруге тура келеді.
РЕСЕЙГЕ НЕ БЕРЕДІ
Угледарды басып алған жағдайда, ресейліктер Донецк теміржолының маңызды учаскесін украиналық атқылаудан босатады. Волноваханың жанында бұл жол Оңтүстік теміржолымен жалғыз түйіскен, ал ол Запорожье және Херсон облыстары арқылы Ресей аннексиялаған Қырымға апарады. Бұл 2016 жылы бұзылған теміржол торабын қалпына келтіре отырып, Ресей Керчь көпірі зақымдалғаннан кейін тоқтатылған Қырыммен теміржол қатынасын қайта жандандыра алады, деп атап өтеді ISW.