«Қажетсіз БАҚ-ты аз оқыңыз»: Лукашенко Қазақстан елшісіне не айтты

Ілияс Бақыт

Беларусь президенті Александр Лукашенко шет мемлекеттердің тоғыз елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. Іс-шара барысында ол Қазақстанның Минскідегі жаңа елшісі Тимур Жақсылықовпен әңгімелесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ НЕ ДЕДІ?

Лукашенко Қазақстанды уақытпен сыналған дос деп атады және екі ел арасындағы тығыз байланысты атап өтті.

«Президент Тоқаев әрқашан және әрдайым Беларусьтің шынайы досы болды және солай қалады», — деді Беларусь басшысы.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Беларусьтің екіжақты қарым-қатынастарды белсенді түрде дамытып жатқанын айтып, болашақтағы ынтымақтастыққа үміт білдірді.

ЛУКАШЕНКО НЕ ДЕДІ?

Лукашенко жаңа елшіге бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз жарияланымдарға аз көңіл бөлуге кеңес беріп, мемлекеттер арасындағы ашық диалогқа шақырды.

«Қажетсіз ақпарат құралдарын аз оқып, тыңдаңыздар. Үлкен рахмет. Біз әлі де кездесіп, мәселелерімізді талқылаймыз деп үміттенемін», — деп қосты Беларусь президенті.

Тимур Жақсылықовпен кездесу Қазақстанның жаңа елшісінің тағайындалғаннан кейінгі алғашқы ресми байланысы болды.