Денис Шипп Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды

Қалижан Бектемір

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Денис Шипп Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

БІЛІМІ

Ол 1968 жылдың 27 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы Омбы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Музыкалық орта мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.

МАНСАБЫ

Кәсіби мансабын ағылшын тілінің аудармашасы болып бастаған. Әр жылдары СҚО агроөнеркәсіптік комитетінде жұмыс істеген.

1994 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Кеден басқармасында және Қаржы полициясы департаментінде жұмыс істеді.

Содан кейін 2003 жылдан бастап Петропавл қалалық сотының судьясы, Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы қызметтерін атқарды.

2012 жылдан бастап Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болды.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы.

2021 жылдың маусымынан бастап Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айында президент жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Жоғары сот Кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылған еді.